Главная страница » ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА

от admin

Қазақ онкология институты ҚР ДСМ жұмыс тобының құрамында медициналық көмекке кешенді талдау жүргізу қорытындысы бойынша облыс тұрғындарына онкологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған Ұлытау облысының халқына онкологиялық көмекті дамытудың жол картасын әзірледі.
2025 жылғы 3-5 қыркүйек аралығында Қазақ онкология институтының қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобының құрамында Ұлытау облысының медициналық ұйымдарының онкологиялық көмек көрсету бойынша қызметіне кешенді талдау жүргізді. Сапар аясында мамандар Жезқазған көпсалалы ауруханасында, Сәтбаев қалалық ауруханасында және Ұлытау ауданының ауруханасында болды.
Талдау нәтижелері бойынша жүйелі мәселелер анықталды: скринингтермен қамтудың жеткіліксіздігі, онкологиялық сақтану деңгейінің төмендігі, бейінді мамандардың тапшылығы, сондай-ақ қатерлі ісіктің ерте кезеңдерін анықтаудың ең төмен көрсеткіштерінің бірі.
Жағдайды жақсарту үшін төрт бағыт бойынша ұзақ мерзімді жоспар әзірленді: кадрлық қамтамасыз ету, мамандардың біліктілігін арттыру, инфрақұрылымды дамыту және материалдық-техникалық базаны нығайту.
Бірінші кезеңде облысқа Қазақ онкология институты мамандарының жетекшілігімен резидент-онкологтар жіберіледі.
Ағымдағы жылы онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында 1,5 млрд теңгенің 32 заманауи медициналық жабдығын сатып алу жоспарланған.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности