Главная страница » Қазақстанның онкологтар және радиологтар Х съезіне шақыру

Қазақстанның онкологтар және радиологтар Х съезіне шақыру

от Ернур

Қазақстанның онкологтар және радиологтар Х съезіне шақыру

Құрметті әріптестер!

2026 жылғы 12-14 наурызда Алматы қаласында онкология және радиология саласындағы жетекші отандық және шетелдік мамандарды біріктіретін саланың негізгі кәсіби оқиғасы — халықаралық қатысумен Қазақстан онкологтары мен радиологтарының Х съезі өтеді.

Ұйымдастырушылар:
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты және Қазақстан онкологтар мен радиологтар қоғамы.

Съезд қатысушыларға мүмкіндік береді:
— онкологиялық көмек көрсетудің стратегиялық бағыттарын талқылауға;
— заманауи клиникалық ұсынымдар мен халықаралық ем стандарттарын енгізуге;
— Қазақстан мен шетелдің жетекші сарапшыларымен тәжірибе алмасуға;
— клиникалық тәжірибедегі озық технологиялар мен инновациялық тәсілдерді таныстыруға.

Қатысушыларды тіркеу ресми сайтта жүргізіледі: https://ksor.kz/

Өткізу күні: 2026 жылғы 12–14 наурыз

Өткізу орны: Rixos Almaty Hotel, Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 506/99

БАҚ аккредитациясы: +7 777 297 52 45, Калымова Г.Ж.

Барлық мүдделі мамандарды кәсіби диалогқа, тәжірибе алмасуға және Қазақстандағы онкологиялық қызметті дамытуға бағытталған тәжірибелік шешімдер қалыптастыруға шақырамыз.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности