Главная страница » АЛМАТЫДА 12-14 НАУРЫЗДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫСУМЕН ҚАЗАҚСТАН ОНКОЛОГТАРЫ МЕН РАДИОЛОГТАРЫНЫҢ Х СЪЕЗІ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА 12-14 НАУРЫЗДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫСУМЕН ҚАЗАҚСТАН ОНКОЛОГТАРЫ МЕН РАДИОЛОГТАРЫНЫҢ Х СЪЕЗІ ӨТЕДІ

от Ернур

2026 жылғы 12–14 наурызда Алматы қаласында халықаралық қатысумен Қазақстан онкологтары мен радиологтарының Х Съезі өтеді – бұл елдегі онкологиялық көмекті дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындайтын саланың негізгі кәсіби іс-шарасы.

Ұйымдастырушылар Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен Қазақстандық онкологтар және радиологтар қоғамы.

Съезд клиникалық онкология, радиология, онкогематология, радиациялық онкология, онкохирургия, ядролық медицина, медициналық физика саласындағы жетекші отандық және шетелдік сарапшыларды, сондай-ақ денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар мен Қазақстан мен шет елдерден аралас мамандықтар өкілдерін біріктіреді.

Съезд жұмысына кәсіби қауымдастықтардың өкілдері, ғылыми қоғамдардың делегаттары, медициналық ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ халықаралық академиялық орталықтар қатысады.

Күтілетін халықаралық қатысушылар арасында – Early Lung Cancer Action Program және Icahn School of Medicine at Mount Sinai бағдарламасының сарапшылары, Н.Н. Блохин атындағы онкология ҰҒЗМО өкілдері, Avrasia Onkoloji Derneği (Еуразиялық онкологиялық қауымдастық), Еуразиялық онкоурологтар қоғамы, сондай-ақ Азия, Еуропа және АҚШ-тың жетекші университеттері мен ғылыми орталықтары бар.

Бағдарлама аясында онкологиялық қызметті жаңғыртудың стратегиялық бағыттары, заманауи клиникалық ұсыныстар мен емдеудің халықаралық стандарттарын енгізу мәселелері қарастырылады. Ядролық медицина мен тераностиканы, иммундық онкология мен дербестендірілген терапияны, цифрлық және молекулалық патологияны, робот-көмекші хирургияны дамытуға, скрининг және ерте диагностика мәселелеріне, сондай-ақ қолдаушы паллиативтік көмек пен медициналық оңалтуға ерекше назар аударылады.

Мерейтойлық, оныншы Съездің өткізілуі саланың ғылыми әлеуетін нығайту, пәнаралық өзара іс-қимылды дамыту, қазақстандық онкологияны халықаралық кәсіби қоғамдастыққа біріктіру және халықаралық туризмді дамыту бойынша жүйелі жұмысты көрсетеді.

Съезд алаңы сараптамалық диалогтың, озық технологияларды таныстырудың және Қазақстан Республикасы халқына онкологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған тәжірибелік шешімдерді қалыптастырудың орталығына айналады деп күтілуде.

Х Съезд аясында Жас ғалымдар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша бас жүлде қоры берілетін жеңімпаз анықталады.

Съезге қатысушыларды тіркеу https://ksor.kz/ сайтында жүргізіледі.

Өткізу күні: 2026 жылғы 12-14 наурыз

Өткізілетін орны: Rixos Almaty Hotel, Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 506/99.

БАҚ-ты тіркеу 87772975245 телефоны арқылы Қалымова Гаухар Жақсылыққызы.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности