Бос лауазымның атауы: Басқарма Төрағасының орынбасары — 1 бірлік.
Қызметтің негізгі бағытының қысқаша сипаттамасы:
- Мемлекеттік саясатқа және емдеудің заманауи халықаралық стандарттарына сәйкес онкология және радиология саласындағы Қоғамның клиникалық саясатын қалыптастыру және іске асыру.
- Медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің клиникалық қызметін үйлестіру және жетілдіру.
- Клиникалық практикаға диагностиканың, емдеудің заманауи әдістерін және медициналық технологияларды енгізу.
- Онкологиялық пациенттерді емдеуге кешенді тәсілді қамтамасыз ету үшін мамандардың пәнаралық өзара іс-қимылын ұйымдастыру.
- Клиникалық хаттамалардың, стандарттардың және медициналық көмек сапасының индикаторларының сақталуын бақылау.
- Клиникалық қызметтің тиімділігін талдау және оны жетілдіру бойынша шаралар әзірлеу.
- Клиникалық онкология және радиология саласындағы медициналық персоналдың біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
Негізгі талаптар:
1) «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім.
2) «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілік беру туралы куәлік немесе «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі және (немесе) «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттыру (қайта даярлау) туралы куәлік.
3) Денсаулық сақтау саласындағы тиісті мамандық бойынша маман сертификаты.
4) Клиникалық онкологиядағы жұмыс өтілі 10 жылдан кем емес, оның ішінде басқарушылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес.
5) Заманауи клиникалық хаттамаларды, NCCN, ESMO, ASCO ұсынымдарын меңгергенін растайтын құзыреттер (мақалалар, сөз сөйлеулер, баяндамалар).
6) Мультидисциплинарлық тәсілдерді, цифрлық клиникалық жүйелерді енгізу тәжірибесі.
Білімі мен дағдылары:
1) Лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
2) Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру;
3) Стратегиялық жоспарлау және бизнес-процестерді цифрландыру дағдылары;
4) Тиімді коммуникация және келіссөздер жүргізу дағдылары.
Құжаттарды заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ, соның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін бұрын жауаптылыққа тартылмаған ниет білдірушілердің барлығы тапсыра алады.
Үміткерлер келесі құжаттарды электрондық және қағаз тасығыштарда ұсынуы қажет:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік тізім;
3) Қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) Білімі туралы құжаттардың көшірмелері және олардың қосымшалары (түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылады);
5) Ғылыми/академиялық дәреженің бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
6) Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар;
7) Құжаттарды тапсырар күннің алдында алты айдан аспайтын уақытта берілген № 075/е нысанындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
8) Қоғамның алдағы 5 жылға арналған жетекшілік ететін қызмет бағытын дамыту бағдарламасы;
9) ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қ., Абай даңғылы, 91, 9 қабатты әкімшілік ғимарат, 210 кабинет немесе электрондық мекенжай бойынша (белгісімен — Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына іріктеуге қатысу үшін).
Қосымша ақпарат алу телефоны: +77479007459 (W/A)
Ескертпе: Алдын ала іріктеуден өткен үміткерлер «ҚазОРҒЗИ» АҚ ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген Комиссиямен әңгімелесуден өтеді.

















