2026 жылғы 12–14 наурыз аралығында Алматыда өткен Қазақстан онкологтары мен радиологтарының X Халықаралық конгресінің қорытынды іс-шарасы жас ғалымдар байқауы болды. Бұл байқау онкология және радиология саласындағы жас мамандардың ғылыми әлеуетін қолдауға және зерттеу қызметін дамытуға бағытталған.
Байқауға медициналық жоғары оқу орындарының студенттері, дәрігер-резиденттер, ғылыми қызметкерлер және еліміздің бейінді медициналық ұйымдарының 35 жасқа дейінгі жас мамандары қатысты. Байқауға барлығы 25 ғылыми өтінім қабылданды, сарапшылық іріктеу нәтижесінде 14 қатысушы жартылай финалға шықты, ал 5 финалист өз зерттеулерін байқаудың қорытынды кезеңінде ұсынды.
Конкурстық комиссияның бағалау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
І орын — 500 000 теңге
Зекебаев Мирас Дүйсенғалиұлы, радиациялық онколог-дәрігер
«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ, Алматы қаласы
Баяндаманың тақырыбы: «Сүт безі қатерлі ісігі кезінде экстремалдық фракциялау»
ІІ орын — 300 000 теңге
Жұмаш Бекайдар Сержанұлы, «Балалар онкологиясы/гематологиясы» мамандығы бойынша 2 жыл оқыған дәрігер-резидент
UMC КФ
Баяндаманың тақырыбы: «Жоғары қауіп тобындағы нейробластомасы бар балаларда динутуксимаб бета препаратымен иммунотерапия. UMC КФ тәжірибесі»
ІІІ орын — 200 000 теңге
Берекетов Бахадыр Ахметұлы, дәрігер-резидент, уролог-андролог
«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ, Алматы қаласы
Баяндаманың тақырыбы: «Хирургиялық емдеуден кейін қуықасты безі обыры бар пациенттерде BRCA1/2 соматикалық мутациялары: бір орталықты NGS-зерттеу нәтижелері»
Сондай-ақ, арнайы номинациялардың жеңімпаздары анықталды:
«Денсаулық скринингіндегі инновациялық тәсіл» номинациясы — 100 000 теңге
Ақылбеков Бақытбек Батырбекұлы, «Ересектер онкологиясы» мамандығы бойынша 2 жыл оқыған дәрігер-резидент
«СМУ» КеАҚ, профессор Д.Р. Мусинов атындағы клиникалық онкология, радиология және ядролық медицина кафедрасы, Семей қаласы.
Баяндаманың тақырыбы: «Психоэмоционалдық ахуалдың сандық скринингі: пилоттық зерттеу нәтижелері»
«Перспективалы жас резидент» номинациясы — 100 000 теңге
Жанабергенова Айша Еркінқызы, 1 жылдық оқудың дәрігер-резиденті
«UMC» КФ, «Онкология және гематология, балалар» бағдарламасы
Баяндаманың тақырыбы:
«Аутоиммунды гемолитикалық анемия терапиямен байланысқан миелодиспластикалық синдромның дебюті ретінде жасөспірімде 7q делецийдің Ходжкин лимфомасы ремиссиясында: қайталанумен дифференциалды диагностиканың қиындықтары».
Байқау жас зерттеушілерді қолдау, ғылыми идеялармен алмасу және онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу саласындағы инновациялық шешімдерді таныстыру үшін маңызды тұғырнамаға айналғаны атап өтілді.
Мұндай ғылыми бастамаларды жүргізу онкологиялық қызметтің кадрлық әлеуетін нығайтуға, отандық медицина ғылымын дамытуға және онкологияға заманауи технологиялар мен озық тәсілдерді енгізуге бағдарланған мамандардың жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етеді.

















