Главная страница » 1000 нан астам әйел Ашық есік күні аясында онкоконсультациядан өтті

1000 нан астам әйел Ашық есік күні аясында онкоконсультациядан өтті

от admin

Еліміздің онкодиспансерлерінде гинекологиялық қатерлі ісіктің алдын алуға және ерте диагностикалауға арналған Ашық есік күні өтті. Іс — шараның негізгі мақсаты-тұрақты профилактикалық тексерулердің және онкологиялық ауруларды уақтылы анықтаудың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру.

Акция барысында
-онколог дәрігерінің кеңесін 1 063 әйел алды;
-675 диагностикалық зерттеу жүргізілді (ультрадыбыстық зерттеу, цитология, компьютерлік томография, маммография);
-43 қатерлі ісік пен күдікті жағдай анықталды;
-99 қатерлі ісікке дейінгі жағдай тіркелді.

Мұндай іс-шараларды өткізу ауруларды уақытында анықтауға, емдеу қажеттілігін анықтауға және халықтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Онкологпен үнемі кеңесу тәуекелдерді азайтуға және терапияның тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности