Loading...

Балалар онкологиясы орталығы

KazIOR

Балалар онкология орталығы Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан келген балаларға арналған қатерлі ісіктерді кешенді емдеудің барлық түрлерін тәулік бойы стационар жағдайында жүзеге асырады, сондай-ақ қатерлі ісіктер мен оның белгілеріне күдік туындаған балаларға консультативтік қабылдау жүргізеді.

Бүгінгі күні «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ-да Varian Medical Systems компаниясының үш жоғары энергетикалық желілік жеделдеткіші жұмыс істейді: TrueBeam 2059, TrueBeam 6487 және Ethos.

Балалар онкологиясы орталығында химиотерапияны, таргеттік және иммундық терапияны қамтитын онкологиялық аурулардың дәрілік терапиясы жүргізіледі. Бұдан басқа, терінің және жұмсақ тіндердің ісіктерін, бас және мойын ісіктерін, сондай-ақ гинекологиялық орналасқан ісіктерді емдеудің хирургиялық әдістері қолданылады.

Әрбір пациентке мультидисциплинарлық тәсіл қолданылады. Орталықта Испанияның Мурсия университетінің «Genesis Care» радиациялық онкологы, MD, PhD, доктор Майя Джугашвилимен онлайн Туморборд, сондай-ақ Астана қаласындағы UMC және Алматы қаласындағы ПжБХҒО балалар онкологтарымен бірлескен Туморборд тұрақты түрде өткізіледі.

Орталық қызметкерлері ғылыми-білім беру іс-шараларына, конференцияларға, ғылыми жобаларға белсенді қатысады, оқудан тұрақты түрде өтеді, оның ішінде шет елдерде де.

Балалар онкологиясы орталығында стационарлық емделетін пациенттерге «ҚазОжРҒЗИ» АҚ Психо-әлеуметтік көмек орталығының білікті психологтары жүзеге асыратын психо-әлеуметтік қолдау қолжетімді.

Балалар онкологиясы орталығында радиотерапияның мынадай жаңа әдістемелері қолданылады:

- VMAT (Volumetric Modulated Arc Therapy — объемно-модулированная дуговая лучевая терапия),

- IMRT (Intensity Modulated Radiation Therapy — лучевая терапия с модуляцией интенсивности),

- IGRT (Image-Guided Radiotherapy — лучевая терапия с управлением по изображениям).

KazIOR

Біздің команда

Кривенко
Елена Владимировна

Тоқмолдаева Қарлығаш Алтынбекқызы

Гончарова Алена Андреевна