Қатерлі ісіктердің химиотерапия орталығы (ҚІХТ) 2020 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істейді. Жыл сайын «ҚазОжРҒЗИ» акционерлік қоғамында 10000-нан астам пациент қатерлі ісіктер мен лимфопролиферативтік аурулар бойынша ісікке қарсы дәрі-дәрмек терапиясын алады, оның ішінде 1500-ден астам пациент түрлі локализациядағы қатерлі ісіктердің кең таралған нысандары бойынша тәулік бойы химиотерапия орталығы жағдайында консервативтік емдеудің осы түрін жақсы нәтижесімен алады. Бөлімшедегі дәрілік терапия цитостатиктермен химиотерапиядан басқа емдеудің халықаралық стандарттарына кіретін заманауи таргеттік және иммуноонкологиялық препараттарды пайдалана отырып жүргізіледі. Ісікке қарсы емдеу қазақстандық және халықаралық емдеу хаттамаларына сәйкес жүргізіледі.
Химиотерапия орталығында онкологияда жеткілікті клиникалық тәжірибесі бар, бұдан басқа ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын мамандар жұмыс істейді. Бөлімшенің қызметкерлері АҚШ пен Еуропаның жетекші клиникаларында шетелдік тағылымдамалар мен маманданудан өтіп, өз білімдері мен іс-тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді, сондай-ақ халықаралық ғылыми симпозиумдар мен конгрестердің жұмысына белсенді қатысады. Орталықтың орта және кіші медициналық қызметкерлері ісікке қарсы ұзақ терапия жүргізілетін пациенттермен жұмыс істеудің барлық дағдыларына ие.
Бұдан басқа, Химиотерапия орталығы жаңа дәрілік препараттардың тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеу бойынша бірқатар халықаралық және отандық клиникалық зерттеулер жүргізу үшін клиникалық база болып табылады.