Ғылыми кеңес - сайланбалы алқалы орган.
Жарғымен және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қоғам органдарының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарау кезінде осы мәселелер бойынша қабылданған шешімдер ұсынымдық болып есептеледі.
Ғылыми кеңестің өкілеттік мерзімі - 3 жыл.
Ғылыми кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесi қызметiнiң үлгi ережелерiн, Қоғамның Жарғысын басшылыққа алады.
Ғылыми кеңесті Басқарма Төрағасы - Қоғам Ректоры басқарады.
Ғылыми кеңестің дербес құрамы Басқарма Төрағасының - Қоғам Ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Ғылыми кеңес өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- ғылыми, оқу, әдістемелік және тәрбие қызметі бойынша мәселелерді қарау және шешім қабылдау;
- оқу-зертханалық және ғылыми-зертханалық базаны дамытудың келешекке арналған жоспарын қарау;
- профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамға ғылыми атақтар беру мәселелерін қарау;
- ішкі тәртіптеме қағидаларын қарау және бекіту;
- оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
- Университеттің стратегиялық даму жоспарын іске асыруға байланысты мәселелерді қарау;
- университеттің әлеуметтік дамуының негізгі мәселелерін қарау және шешім қабылдау;
- университеттің өткен оқу жылындағы қызметінің қорытындысын шығару;
- Қоғамның оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысы туралы есептерді кезең-кезеңмен қарау;
- Қоғам құрамына кіретін өзге де құрылымдық бөлімшелердің қызметі туралы есептерді қарау;
- Қоғам басқармасының бекітуі үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын қарау;
- Қоғамның қызметiне байланысты және алқалы шешiмдi талап ететiн өзге де мәселелердi қарау.
Ғылыми кеңестің отырыстары бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына бір рет өткізіледі. Қажет болған жағдайда Ғылыми кеңестің отырыстары жоспардан тыс өткізіледі.
Ғылыми кеңесте талқыланатын мәселелерді дайындауды ұйымдастыру, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау, тәжірибені қорытындылау және Кеңес жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін Қоғамның Басқарма төрағасының - ректорының бұйрығымен оның мүшелерінің арасынан 3 жыл мерзімге ғалым хатшысы тағайындалады.
Ғылыми кеңестiң мәжiлiстерiне материалдардың уақтылы және сапалы дайындалуына және Ғылыми кеңестiң iс қағаздарын жүргiзуге жауапкершiлiк ғалым хатшыға жүктеледi.