×
Дюсембаев Акжол Кабдоллаевич
Жоғары санатты онколог-хирург дәрігері, «ҚазОРҒЗИ» АҚ торакалды-абдоминалды онкология орталығының басшысы
Жұмыс өтілі - 18 жыл
Білімі:
2000 - 2006 жж. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы, «Педиатрия» мамандығы.
2006-2007 жж. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы, «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша Интернатура.
2007 ж. «Онкология» мамандығы бойынша бастапқы мамандандыру.
2015 ж. «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша бастапқы мамандандыру.
2019 ж. «Урология және андрология» мамандығы бойынша бастапқы мамандандыру.
2020 ж. «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша бастапқы мамандандыру.
2007 - 2009 жж. Екінші жоғары экономикалық білім.
Мамандандырудан, біліктілікті арттыру курстарынан өту:
2012 ж. - Н.Н. Александров атындағы Республикалық онкология және медициналық радиология ғылыми-тәжірибелік орталығы, Беларусь Республикасы, «Абдоминалдық онкохирургия»
2016-2017 жж. - «БОЛАШАҚ» халықаралық бағдарламасы бойынша «РАМБАМ» республикалық медициналық орталығы, Израиль, «Surgery and Urology»
2024 ж. - А.С. Логинов атындағы Мәскеу клиникалық ғылыми- тәжірибелік орталығы, Мәскеу, Ресей Федерациясы, «Хирургия».
Халықаралық конференциялардағы сөйлеген сөздері:
- ТМД және Еуразия онкология және рентгенорадиология орталықтары мен институттары директорларының қауымдастығының 30 жылдығына арналған ТМД және Еуразия елдері онкологтары мен радиологтарының XIV съезі, Ташкент қ., Өзбекстан.
Баяндама: «ҚазОРҒЗИ-де асқазан обыры кезінде перитонеалдық шайындылары бар сатылық диагностикалық лапароскопияны енгізу тәжірибесі» 25-27 сәуір 2024 ж.
- International Scientific and Practical Forum «High Technologies in Modern Surgery» Астана қаласы, Қазақстан
Баяндама: "Жергілікті таралған асқазан обырын емдеудің қазіргі заманғы мүмкіндіктері. Клиникалық кейс. ҚазОРҒЗИ тәжірибесі" 21-22 қыркүйек 2024 ж.
- «Онкология - өткеннен болашаққа» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, Самара қаласы, Ресей Федерациясы
Баяндама: «Асқазан обырын хирургиялық аз инвазивті емдеудің қазіргі заманғы технологиялары» 3-4 қазан 2024
- «Онкоренессанс 2024» халықаралық ғылыми-тәжірибелік мектебі: Күзгі сессия.
Баяндама: «Асқазан обырын хирургиялық аз инвазивті емдеудің қазіргі заманғы технологиялары» 14-16 қараша 2024
- «Онкология мұрасы мен болашағы: Ұлттық Онкология және Гематология Орталығының 65 жылдығына орай» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Бішкек қ., Қырғызстан.
Баяндама: "Асқазан обыры хирургиясында мультимодальдық тәсіл. ҚазОРҒЗИ-дағы аз инвазивті операциялар тәжірибесі "10-12 жылғы 2025 қыркүйек
Наградалар:
Алғыс хат: «Үздік хирург» 2023 ж. «ҚазОРҒЗИ» АҚ
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгілері 2024 ж. «ҚазОРҒЗИ» АҚ
ESMO, ASCO, RUSSCO мүшесі