Психоәлеуметтік көмек бөлімі Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының пациенттерді емдеу мен оңалтудың кешенді жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Бөлімшенің негізгі миссиясы – пациенттердің өмір сүру сапасын арттыру, онкологиялық емдеудің барлық кезеңдерінде - диагноз қоюдан бастап ремиссия және паллиативтік көмек кезеңіне дейін психологиялық, эмоционалдық және әлеуметтік қолдау көрсету. Жұмыс мультидисциплинарлық тәсіл, дәлелді медицина, өзара іс-қимыл этикасы және әрбір пациент пен оның отбасын жеке сүйемелдеу қағидаттарына негізделеді.
«ҚазОРҒЗИ» АҚ психологиялық қызметі – ауруды емдеуді ғана емес, сонымен қатар пациенттің ішкі тепе-теңдігін, жеке басының ресурстарын және өмір сүру сапасын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін кешенді медициналық көмектің бірегей буыны.
Бөлімнің басты мақсаты – емдеу үдерісін неғұрлым адамгершілікке жақын, қауіпсіз және тиімдірек ету, әрбір науқасқа қабылдауға, жеңуге және қалпына келтіруге көмектесу.
Бөлімнің негізгі бағыттары:
• Пациенттер мен олардың отбасыларына психологиялық кеңес беру
• Диагнозды алған кезінде қолдау, емдеуге бейімдеу
• Үрей, депрессия, аурудың қайталану қорқынышын жеңуге көмектесу
• Копинг-стратегияларды дамыту және ішкі тұрақтылықты (резиленттілікті) арттыру
• Психоқұрылым – пациент пен отбасын эмоциялық өзін-өзі реттеу дағдыларына үйрету
• Туыстарымен және жақындарымен жұмыс