Loading...

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

KazIOR

  ҚазОжРҒЗИ халықаралық ынтымақтастығы институттың стратегиялық дамуының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады, мамандардың біліктілігін арттырудан, бірлескен ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудан, тьюмор бордтарын өткізуден бастап пациенттер үшін екінші пікірді қамтамасыз етуге, жетекші мамандарды шақыруға, 3D импланттарды пайдалана отырып операциялар жүргізуге дейінгі мәселелердің кең спектрін көздейді.
  Қазіргі уақытта Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты таяу және алыс шет елдердің 30-дан астам Халықаралық ұйымдары мен институттарының қазіргі мүшесі және серіктесі болып табылады: World Health organization (WHO), Union for International Cancer Control (UICC), European Society for Medical Oncology (ESMO), Curie Institute, 3D Medical Technology, Center of Oncology Madrid, Oncology Center of Azerbaijan.

Бөлім қызметінің бағыттары:

- Халықаралық конференцияларды, тренингтерді, шеберлік кластарын бірлесіп ұйымдастыру

- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, ғылыми жобаларды жасау, гранттық қаржыландыруды іздеу

- Дәрігерлердің арасында медициналық іс-тәжірибеге, хирургияға қатысты ғылыми алмасуға жәрдемдесу

- Біліктілікті арттыру мәселелері бойынша білім беру орталығын таңдауға жәрдемдесу

- Серіктестiк ұйымдар желiсiн одан әрi ынтымақтастық үшiн кеңейту

KazIOR

Біздің серіктестеріміз

Ынтымақтастық туралы ағымдағы меморандумдар

Medicina Hastane Isletmeiling A.S., Turkey - ынтымақтастықтың мақсаты онкологиялық қызмет мамандарын даярлау, онкологиялық көмек көрсету, оқу-әдістемелік және ғылыми қызмет мәселелерінде тәжірибе алмасу болып табылады. Бірлескен ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мамандар алмасу, ғылыми жобалар, жарияланымдар. 28.03.2025 ж., Стамбул, Түркия.

Memorandum of Understanding on Cooperation between the national Center of Oncology of the Ministry of Health of the Republic Azerbaijan and the Kazakh Institute of Oncology and radiology. Baku, Azerbaijan, June, 13, The areas of cooperation are: joint scientific research programs, projects and activities; exchange of international documents and scientific literature; exchange of specialists, enhancement of their qualifications and organizations of practical training courses; education of nurses and support personnel; organization of joint scientific-practical conferences, seminars and meetings.

Кюри институты, Франция - ҚазОжРҒЗИ мамандарын оқыту және маммологиялық скрининг бойынша республикалық пилоттық жоба.

Koln 3D Technology (Medical) Limited (Гонконг) - (30 - 3D импланттар - Меморандум шеңберінде тегін ұсынылды).