2025 жылғы 29 шілдеде «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ-да резидентура түлектеріне «Онкология (ересектер)» және «Радиациялық онкология» білім беру бағдарламалары бойынша дипломдар тапсырылды.
Іс-шараға институт басшылығы, оқытушылар, тәлімгерлер, сондай-ақ түлектердің туған-туыстары қатысты. Құттықтау сөзін әкімшілік пен профессорлық-оқытушылық құрам өкілдері сөйледі. Институт ұжымына ата-аналарының атынан Еркін Елтайұлы Губашев алғыс білдірді.
Түлектерді оқуларын сәтті аяқтауымен құттықтап, таңдаған мамандығының маңыздылығы мен жауапкершілігін атап өтті. Онкологтарды даярлау еліміздің онкологиялық қызметін дамытуға белсенді қатысатын ҚазОжРҒЗИ басымдықтарының бірі болып қала береді.