Loading...

Операциялық блок

KazIOR

Қазіргі уақытта операциялық блок бөлімшесінде барлық қажетті қызметтік және қосалқы үй-жайлары бар 10 заманауи операциялық зал бар. Жоспарлы залдар ағынды-сорғылы желдетумен, орталықтандырылған медициналық газдармен және вакууммен жабдықталған. Жұмыста заманауи операциялық шырағдан, әмбебап үстелдер, жоғары жиілікті электрохирургиялық аппараттар, портативті сорғыштар, ауаны зарарсыздандыру жүйелері пайдаланылады.
Соңғы жылдары аз инвазивті әдістемелер енгізілді: бейнеэндоскопиялық операциялар, шағын қолжетімділіктен араласу, микрохирургиялық және қалпына келтіру-пластикалық операциялар. Электрохирургиялық және аргоноплазмалық техника, заманауи механикалық тігіс аппараттары кеңінен қолданылады.
Операциялық блок мамандарды даярлау үшін база болып табылады: өңірлік онкологиялық орталықтардан ондаған хирург тағылымдамадан өтті, жүздеген студенттер мен ординаторлар оқуларын іс-тәжірибемен біріктірді. Халықаралық қатысумен шеберлік кластары мен операциялар трансляцияланады.
Операциялық блок хирургиялық стационардың «жүрегі» болып табылады. Дәл осы жерде пациентті емдеудің негізгі кезеңі - ота жасалады және оның жүргізілу сапасына көбінесе түпкілікті нәтиже байланысты.
Бүгінде «ҚазОРҒЗИ» АҚ операциялық блогы – онкохирургияға озық технологияларды енгізудің заманауи орталығы. Мұнда күрделі реконструктивті-пластикалық және бірмезеттілі (симультандық) операциялар жасалады, клиникалық сынақтар өткізіледі және емдеудің жаңа әдістері енгізіледі.

Білім беру және ғылыми қызметке ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын операциялық блокта халықаралық қатысумен шеберлік кластары, операцияларды тікелей трансляциялау және алыс және жақын шетелдердің жетекші клиникаларымен бірлескен жобалар өткізіледі. Бұл озық тәжірибемен алмасуға, мамандардың біліктілігін арттыруға және тәжірибеге ең заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Болашақта операциялық блок ұжымы жоғары технологиялық операциялар спектрін кеңейтуді, халықаралық ынтымақтастықты күшейтуді және Орталық Азиядағы онкологиялық хирургияның жетекші орталығы ретінде ҚазОРҒЗИ ұстанымын нығайтуды жоспарлап отыр.

Медициналық қызметкерлер

Операциялық блоктың құрамында:

  • таяу және алыс шетелдің жетекші онкологиялық орталықтарында тағылымдамадан өткен, 15 жылдан астам өтілі бар жоғары және бірінші санаттағы 17 мейірбике;
  • бөлімшенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін 10 кіші медицина қызметкері.

Операциялық блоктың медициналық қызметкерлері – бұл өз мамандығына берілген жоғары білікті мамандардың топтасқан командасы. Олардың тәжірибесі, кәсіби дағдылары мен жауапкершілігі күрделі хирургиялық араласуларды ұйымдастырудағы маңызды тірек болып табылады.

• хирургиялық операцияларды жүргізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету

• пациенттер мен қызметкерлердің инфекциялық қауіпсіздігін сақтау

• аспапты, жабдықтар мен құралдарды ұтымды пайдалану

• операциялық материалды сақтауды және зертханалық зерттеулерге уақтылы жіберуді ұйымдастыру

• асептика ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын бақылау

KazIOR

Біздің команда

Насрытдинов
Тимур Султанович