Loading...

Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі

KazIOR

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі (АРҚТБ) Қазақстан Республикасындағы ең көне мамандандырылған бөлімшелердің бірі болып табылады. Ол 1961 жылы анестезиология және реаниматология зертханасы ретінде құрылды. Өз тарихында бөлімшені отандық анестезиология мен қарқынды терапияның дамуына елеулі үлес қосқан жетекші ғалымдар мен тәжірибелі дәрігерлер басқарды. 2025 жылдан бастап бөлімшені Еуропалық анестезиологтар және қарқынды терапия қоғамының (ESAIC) және Қазақ анестезиолог-реаниматологтар қоғамының мүшесі Сәбит Нұрханұлы Мадалиев басқарады.

 Диагностикалық мүмкіндіктер

Күнделікті тәжірибеде:

- ультрадыбыстық хаттамалар (FAST, BLUE, волемиялық бағалау);

- қанның, ұйыту жүйесінің газ құрамын және биохимиялық көрсеткіштерді бағалау үшін зертханалық зерттеулер;

- гемодинамика, тыныс алу функциясы және оттегі сатурациясы мониторингі;

- аспаптық әдістер (УДЗ-диагностика, ЭКГ, рентгенография, КТ және МРТ басқа қызметтермен бірге).


Бұл асқынуларды дер кезінде анықтауға және дербес терапия жүргізуге мүмкіндік береді.
Бөлімше қызметінің негізгі бағыттары:

- онкохирургиялық операцияларды анестезиологиялық қамтамасыз ету және пациенттерді периоперативті кезеңдік жүргізу

- ауыр асқынулары, көп ағзалық жетіспеушілігі, тыныс алу және қан айналымы бұзылған онкологиялық науқастардың қарқынды терапиясы

- амбулаториялық деңгейді қоса алғанда, институттың басқа бөлімшелеріне консультациялық көмек көрсету

Емдеу әдістері

АРҚТБ қазіргі заманғы технологияларға ие:

- Hamilton G5 және G6 қоса алғанда, сараптамалық кластағы өкпені жасанды желдету аппараттары;

- инвазивті емес желдетуге және тыныс алу функциясының мониторингіне арналған жабдық;

- бүйрек алмастыру терапиясына арналған жүйелер (гемофильтрация, гемодиализ, гемодиафильтрация);

- экстракорпоралдық детоксикацияға арналған аппараттар (плазмаферез, гемосорбция);

 - қазіргі заманғы наркозды-тыныс алу паркі (Leon, Mindray);

- функционалдық кереуеттер Eleganza Linet және асқынулардың алдын алуға арналған жабдықтар.

Клиникалық тәжірибеде респираторлық қолдау әдістері, көлемді жеке таңдаумен инфузиялық терапия, ұзартылған эпидуралдық аналгезия, сондай-ақ артериялық қысымды бақылаудың және периопретивтік кезеңде ауырсынуды басудың жаңа тәсілдері қолданылады.

Ғылыми-тәжірибелік және халықаралық қызмет

Бөлімше халықаралық конгрестер мен конференцияларға, соның ішінде EUROANESTHESIA, онкологтардың ұлттық съездері мен анестезиологтардың конгрестеріне белсенді қатысады. Дәрігерлер Беларусь, Ресей, Бельгия, Австрия және басқа да елдердің жетекші клиникаларында үнемі тағылымдамадан өтеді. 2024 жылы қызметкерлер British Journal of Anaesthesia журналында мақала жариялады, бұл жоғары ғылыми әлеуетті растайды.

Бөлімше халықаралық сарапшылардың қатысуымен шеберлік сыныптары мен білім беру семинарларын өткізуге арналған алаң болып табылады. Жас мамандарға арналған ғылыми-клиникалық мектеп құра отырып, қазіргі заманғы халықаралық жарияланымдар жүйелі түрде аударылып, талқыланады.

ҚазОРҒЗИ (АРҚТБ)  көпжылдық дәстүрлерді, заманауи технологияларды және белсенді халықаралық ынтымақтастықты үйлестіреді. Пациенттер үшін - сапалы және қауіпсіз анестезиологиялық және реаниматологиялық көмектің кепілі, шетелдік серіктестер үшін - онкоанестезиология және қарқынды терапия саласындағы тәжірибе алмасу мен бірлескен жобалардың сенімді орталығы.

KazIOR

Біздің команда

Мәдалиев Сәбит Нұрханұлы

Раев Ғазиз Бекенұлы

Нұрманова Әлия Әділханқызы

Әбдухалилов Нұрлан Рахматоллаұлы

Сейдалиева Эльвира Әлімбайқызы

Әбілдаева Әдия Әмірбекқызы

Сущих Кирилл Валерьянович

Байдаулет Дәурен Әлібекұлы/h4>

Магрупов Айдос Хамидоллаұлы

Әлиева Балгерім Болатбекқызы

Жұмабиев Райымбек Елемесұлы

Рыбачек Ольга Юрьевна

Абдрахманова Амина Ильясовна