Ғылыми зерттеулер мен қорғау құжаттарын коммерцияландыру бөлімі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін қорғау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін іс-тәжірибеге енгізуге жәрдемдеседі.
Бөлім қызметінің негізгі мақсаты – инновациялық шешімдерді құқықтық қорғауды қамтамасыз ету және олардың коммерциялық әлеуетін және денсаулық сақтау жүйесі үшін тәжірибелік маңыздылығын арттыру.
«ҚазОжРҒЗИ» АҚ мемлекеттік патенттік сарапшысы:
Патенттанушы – бұл ғылым, құқық және бизнес арасындағы байланыстырушы буын. Ол зерттеушілерге өз нәтижелерін қорғап қана қоймай, инновацияларды енгізудің заңды негізін қамтамасыз ете отырып, олардың құндылығын қоғамға жеткізуге көмектеседі.
- Қызметкерлерге зияткерлік меншікті және патенттік құқықты қорғау мәселелері бойынша консультация беру
- Идеяның жаңалығы мен бірегейлігін бағалау
- Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өзге де зияткерлік меншік объектілеріне өтінімдерді дайындау, ресімдеу және беру
- Өтінімдерді сараптауды сүйемелдеу және Қазақстан Республикасының және Еуразиялық патенттік ведомствоның (ЕАПВ) патенттік ведомстволарымен өзара іс-қимыл жасау
- Қорғау құжаттарының қолданылуын қолдау және институттың патенттік портфелін жүргізу
- Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға және клиникалық іс-тәжірибеге инновацияларды енгізуге жәрдемдесу