Loading...

Дипломнан кейінгі білім

Хабарландырулар

«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы «Онкология (ересектер)» - 4 білім беру гранты 7R01124 білім беру бағдарламасы бойынша 2025-2027 оқу жылына арналған резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентурада оқыту бойынша конкурстық қабылдау жариялайды.

7R01124 Онкология (ересектер) білім беру бағдарламасы

Бөлінген гранттар саны

Бөлу аймағы

2

Жетісу облысы

1

Алматы қаласы

1

Алматы облысы

Құжаттарды hero.study порталы арқылы тапсыруға болады:

https://kazior.hero.study/

Құжаттарды қабылдау - 2025 жылғы 03-25 шілде аралығында.

Құжаттар тізбесі

  1. Конкурсқа қатысуға өтініш;
  2. «Дәрігер» біліктілігі берілген жоғары білімі туралы құжат (қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсырған кезде), көшірме (ақпараттық жүйе арқылы берген кезде). Шетелде медициналық білім алған адамдар олардың білімін тану және (немесе) «дәрігер» біліктілігін беру туралы құжатты ұсынады. Оқуға қабылдау кезінде жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы және (немесе) білімін тану, «дәрігер» біліктілігін беру туралы құжат қабылдау комиссиясына тапсырылады.
  3. Интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесі (бар болса).
  4. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты немесе сертификаты туралы мәліметтер (шет мемлекет берген құжаттар үшін көшірмесі).
  5. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат.
  6. Еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса).
  7. Көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет.
  8. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

 Қосымша

  1. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (толтырылған).
  2. Ақылы негізде оқуға түсушілер үшін шарт жасасуға және оқу шығыстарын төлеуге кепілдік беретін хат.
  3. Интернатурада қорытынды аттестаттаудың 1-кезеңінің нәтижесі («Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ (ҰТЕО)) өткізетін тестілеу, деканның қолымен және білім беру ұйымының мөрімен расталған.
  4. Егер интернатураны бітірген жылы тестілеу өткізілмесе, онда оқуға түсуші қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсырғанға дейін тестілеуді «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы бойынша ҰТЕО тапсырады.
  5. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (олар болған жағдайда), жарияланымға электрондық сілтемені көрсете отырып, рецензияланатын журналдарда (оның ішінде БҒСБК) жарияланымның болуына сілтеме.
  6. Алдыңғы бакалавриатта және интернатурада есептелген GPA;
  7. Ұйымнан шарт жасасу және оқу шығыстарын төлеу туралы кепілдік хат (ақылы негізде оқуға түсушілер үшін).
  8. 3 жыл ішінде резидентурада оқуды аяқтағаннан кейін жолдама бойынша Мемлекеттік грантты өтеуге келісім.
  9. Құжаттар тізімдемесі.

Конкурстың нәтижелері