Білім сапасын жақсарту – институттың басым мақсаты. Медицина кадрларын үздiксiз кәсiби жетiлдiруге жағдай жасау үшiн институт қазiргi заманғы бiлiм беру технологияларын, клиникалық симуляциялар мен оқытудың цифрлық ресурстарын белсендi түрде енгiзуде.
Білім беру сапасын арттырудың негізгі бағыттары:
- оқыту мен тәжірибелік даярлаудың инновациялық әдістемелерін енгізу;
- жаңа ғылыми және клиникалық жетістіктерге сәйкес оқу бағдарламаларын тұрақты жаңарту;
- тәлімгерлікті және жеке білім беру траекторияларын дамыту;
- тыңдаушылар мен жұмыс берушілердің оқу нәтижелеріне қанағаттану мониторингі;
- білім беру үдерісін цифрландыру және заманауи симуляциялық технологияларды пайдалану.